АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ЫЗҒАРЛЫ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Бүгін «Балалар жылы» аясында «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сарыағаш аудандық филиалының, Сарыағаш аудандық ҚХА жанындағы Аналар Кеңесінің, Сарыағаш аудандық өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай этнос жастары мен мектеп оқушыларының Шымкент қаласындағы «Қасірет» мемориалына және Ақсукенттегі «Ардақты аналар» музейіне экскурсиясы өтті.

Мемориал мен музей қызметкерлері жастарға зұлмат жылдар туралы әңгімелеп, қазақ зиялыларына советтік режимнің көрсеткен зобалаңы туралы тарихтан деректер келтірді. Экскурсия қатысушылары мемориалға гүл шоқтарын қойды.

«Қасірет» мемориалында жастар қазақтың біртуар азаматтарының бірі Сұлтанбек Қожановтың немересімен кездесіп, әңгімелесті. Асылдың сынығы Сұлтанбек Қожанов (немересі атасымен аттас екен) аудандық «Сәт» телеарнасына сұхбат берді.

ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАР ҰРПАҚТАР ЖАДЫНАН МӘҢГІ ӨШПЕЙДІ

Алдыңғы

М.ӘЙТЕНОВ ҚҰРСАЙДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *