АймақӘлеуметҚоғамРуханият

БАЛА — БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ

Қазыбек би ауылдық округінде орналасқан «Ақ көгершін» және «Айқыз ана» балабақшаларында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала — біздің болашағымыз» атты бүлдіршіндердің қуанышын еселей түсетін мерекелік іс-шара болып өтті.

Жетісай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік іс-шараға Жетісай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Р.Басымбекова және кеңес мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының мамандары, Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ мамандары, ата-аналар мен бүлдіршіндер қатысты.

Мерекелік іс-шараға келген қонақтар сөз алып бүлдіршіндерді мерекесімен құттықтады. Мерекелік іс – шарада балабақшаның бүлдіршіндері концерттік бағдарлама қойып өз өнерлерін ортаға салды.

Мерекелік жиынға келген балаларға демеушілер есебінен оқуға қажетті құрал-жабдықтар, сыйлықтар мен сусындар үлестірілді.

195, 275, 276 ОРАМДАРҒА ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛДЫ

Алдыңғы

ҚАЛА ӘКІМІ АҚТАСТЫ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫН БАҚЫЛАДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *