АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ТАРИХТАН ТАҒЛЫМ — ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

Бүгін Мақтаарал аудандық кітапханасында 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағлым — өткенге тағзым» тақырыбында жиын болып өтті.

Жиынға аудандық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық орталық мешіттің наиб имамы, кітапхана қызметкерлері қатысып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Іс-шарада тарихтағы бабаларымыздың көрген қайғылы сәттерінен койылым көрсетіліп, қатысушы жастар тақырыпқа сай баяндамалар жасады. Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру мақсатында кітап көрмесі көрсетіліп, наиб имам қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқыды.

Бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы сол қаралы жылдарда ұлты мен діні, тілі мен діліне қарамастан, мыңдаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне түсіп, өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, туған жерлерінен аяусыз айдалып, түрмелерде жазықсыз көз жұмғандарды еске алып, олардың рухына тағзым жасауы азаматтық парыз деп білеміз. Біз тарихтағы зобалаң жылдардың зардабын ұмытпауымыз керек. Келешекте мұндай қасірет қазақ жерінде болмасын.

ТІЛ БОЛАШАҒЫ-БАЛАБАҚШАДАН

Алдыңғы

195, 275, 276 ОРАМДАРҒА ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *