АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ҚАРАЛЫ ЖЫЛДАР ЕЛЕСІ

1997 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қаралы жылдар елесі» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Кездесуге Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов, Түркістан облыстық «Парвиз» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Ю.Султанов, Жетісай аудандық «Парвиз» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Ш.Елов және аудан тұрғындары қатысты.

Кездесуде өткен ғасыр қазақ даласы үшін ауыр нәубет пен қасіреттерді, «екінші ақтабан шұбырындыны» кешу ғасыры болды. Тарих қатпарларында қаншама жазықсыз төгілген көз жас пен аққан қан қалды. Кеңес өкіметінің қолдан күштеп ұжымдастыруымен Қазақ жерінде бір емес үш бірдей ашаршылық болғаны және 1929-1938 жылдар аралығында қазақ зиялыларын қынадай қырған репрессия 25 мың адамның өмірін қиды.

103 мың адам саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз түрмелерде отырды. Бұл оқиғалар тарих парақтарымен қоса халқымыздың жүрегінде өшпестей із қалдырды. Болашақ өмір жолында жанын құрбан еткен арда азаматтарымыздың рухына тағзым ету, еске алып отыру бүгінгі ұрпақтың парызы.

Репрессия зобалаңы қазақ зиялыларының көзін жойғанымен, олардың тасқа басылған сөзін, ұрпаққа қалдырған мол мұрасын жоя алмады.

Сондай-ақ кездесу барысында азаматтардың ел алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу — саяси дамудың келесі кезеңі жайлы түсіндірілді. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі болатындығын, соңғы Жолдауда Президент тың саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіру қажеттілігін айқындап берді. Әрбір қазақстандық азамат, азаматшаның дауысы айрықша екендігі атап өтілді.

Кездесу соңында тәжік этносының өкілдері Жаңа Қазақстанның ертеңіне бей— жай қарамай 2022 жыл 5 маусым күні дауыс беруге белсенді қатысатындықтарын жеткізді.

КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» ҮШІН ДАУЫС БЕРУГЕ БЕКІНІП ОТЫР

Алдыңғы

«AMANAT»: ТҮРКІСТАНДЫҚТАР РЕФОРМАЛАРДЫ ҚЫЗУ ҚОЛДАП ОТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *