АймақӘлеуметҚоғамРуханият

«ДОМБЫРА – ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ МЕН БРЕНДІ»

Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалған.

«Домбыра жүрегіммен үндес едің,

Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,

Өнердің не екенін де білмес едім», — деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлаған Ұлттық аспабымыздың күні Сайрам ауданында кеңінен аталып өтілді.

Домбыраның үні қанымызда бар, санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған.

Биыл Ұлттық домбыра күні бесінші рет тойланып, Сайрам ауданының өнерпаздары Ақсукент ауылының орталығында «Dombyra Parti» домбырашылар шеруін ұйымдастырды.

Оған, аудандық №1 Балалар саз мектебінің көпұлтты шәкірттерінен құрылған топ, Шымкент қаласының «Жібек жолы» шығармашылық орталығының Домбырашылар ансамблі және Сайрам аудандық мәдениет үйінің «Ақсу» фольклорлы халықтық ансамблі атсалысты.

Ұлттық Домбыра күніне орай, Қасиетті домбыраны қолдарына алған, өнерпаздар Құрманғазының күйлерін орындады. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды ардақтау, терең тамырымызға ой салу, рухани жаңғыруымызға қомақты үлес қосар шуақты да, шаттықты бір мереке десек, артық айтқандық емес. Өйткені, шанағынан шамырқанған күй төгер көне домбыра күмбірлегенде елең етпейтін қазақ жоқ.

Ұлттық домбыра күні — Рухани жаңғырудың әдемі көрінісі. Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл бітім-болмысы деп айтуға болады. Ол Ұлы Даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келе жатыр. Ұлттық аспабымыздың бүгінде заманауи музыка өнеріне бейімделіп, дүние жүзінің сахнасында қазақ өнерін танытуға үлкен үлес қосуда. «Домбыра – қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, одан әлдеқайда биік тұрған киелі құндылық. Өзіндік үні қайталанбас адам бойына рух беретін, ішкі жан дүниеңді әдемі нұрға бөлейтін домбыраның үніне жетер жер бетінде ешқандай аспап жоқ. Төрт мың жылдай тарихы бар домбыраның қоңыр үні кім-кімді де тамсандырмай қоймайды. Ұлттық кодымызды қайта жаңғыртуға бағытталған айтулы мерекенің әр қазақ баласына берері мол екені белгілі. Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін жандандыруда да бұл күннің алар орны ерекше.

Домбыра-қазақ халқының жаны, тарихы, салт-дәстүрі. Ол ежелден халқымызбен бірге Ұлы даланың жүрегінде. Музыкалық аспап халық өмірінде ерекше орын алады және елдің тарихы мен мәдениетін бейнелейді, бұл қазақтың философиялық құралы, шебер қолында адамның сезімдері мен уайымдарының барлық гаммасын жеткізе алады. Домбыраның ішектері даланың, ат тұяғының, тау бұлағының дыбыстарын жеткізе алады. Домбыра-ұлттық білім мен оқытудың кілті. Ол бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Көптеген заманауи музыканттар өздерінің композицияларына домбыра дыбысын қосады.

Құндылығымыз артып, ел жүрегінен қоңыр күйімен орын таба білген домбырамыздың қашанда мәртебесі биік болып, әрбір қара шаңырақтың төрінен табылып, жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіре берсін!

Баршаңызды Ұлттық Домбыра күнімен құттықтай отырып, бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілейміз.

Ұлттық Домбыра күні құтты болсын!!

ЫНТЫМАҚТА ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

Алдыңғы

САУРАН АУДАНЫНДА «ҚҰРЫШХАН АТА» МЕШІТІ АШЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *