АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ҚУАНЫШ ПЕН ҚИМАСТЫҚТЫҢ АЛАУЫ

Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Далабазар» жалпы орта мектебінде «Түлек – 2022 ж., Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты аттестат табыстау салтанатты кеші болып өтті.

Іс-шараның құрметті қонағы болып аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Байназар, «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалы басшысы Б.Айтбаев арнайы келіп қатысты.

Білім нәрімен сусындап, алтын ұя мектебі табалдырығынан аттап, қанат қаққалы отырған түлектерге ақын-жазушы Ә.Байназар «Ақбастауым ауылым» кітабын сыйға тартып Республикалық «Мың бала» жобасының «Өнер алды қызыл тіл» байқауының жеңімпазы, «Мұзбалақ ақын М.Мақатаев» сайысының 1-ші орын иегері Ирисматова Захро Жамаловнаға

Захро, құтты болсын қуанышың,

Аттестат болсын сенің жұбанышың.

Мұқағали өлеңі қолдап жүрсін,

Арманың орындалсын, қылған ісің.

Өмірде әрқашанда жолың болсын,

Достармен, құрбылармен ортаң толсын.

Қазақ тілін өркендет, журналист бол,

Басыңа баянды боп, бақыт қонсын! — деп жүрекжарды «Ақ тілек» өлең шумағын арнады.

Б. Айтбаев түлектерге ақ жол, сәтті сапар тілеп «Жастар жырлайды» кітабын сыйға тартып, мектеп түлектеріне мемлекеттік үлгідегі аттестатты салтанатты түрде табыстады.

ЭТНОС БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЫҚПАЛЫМЕН ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *