АймақӘлеуметҚоғам

САБАНТОЙДА ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БЕРЕКЕ-БІРЛІГІ ДӘРІПТЕЛДІ

Кентау қаласында «Қазақстандық татар және башқұртттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен татар мен башқұрт халқының ұлттық сабантой мейрамы тойланды.
Жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтаған «Қазақстандық татар және башқұртттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалының төрағасы Фарид Аюпов аталмыш мейрам татар-башқұрт ұлттарының ғана емес, осы өңірде тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық этнос өкілдерінің ортақ тойына айналғанын атап өтті.
«Сабантой» мейрамының тарихы тым тереңде. Нәпақасын еңбектен тапқан татар халқы көктемгі егіс науқанын осылай ойын-сауыққа ұластырған. Демек, сабантойды тойлаудың астарында егін бітік шықсын, жиын-терім мол болсын деген халықтың ақ тілегі мен арман-мұраты жатыр. Бұл жай ғана той емес, бейбітшілік сүйгіш адамзат баласының еңбек мерекесі іспетті.
Тағылымы мол той үстінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов және халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазан қаласынан келген Базарбай Бикчантаев сөз сөйлеп, сабантойдың елдің достығын нығайтудағы мән-маңыздылығына тоқталды.
Мәнді шара барысында татар-башқұрт халқының дәмі тіл үйіретін ұлттық асы ұсынылып, өнерпаздар әуелете ән салып, би биледі. Сондай-ақ ер жігіттің ерлігі сынға түсер спорттық ойындар да ұйымдастырылды.

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ.

Алдыңғы

ДІНИ ФАНАТИЗМ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *