АймақӘлеуметҚоғамРуханият

Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ ұжымымен танысты

Орталық бөлімдерінің қызметімен танысып, алдағы уақытта атқарылар жоспарлар пысықталып, жұмысты жандандыру мақсатында орталық қызметкерлерінің ұсыныстары тыңдалды.
Басқарма басшысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің облысымыздағы қоғамдық-саяси және діни ахуал мәселелеріне талдау жүргізе отырып діни ахуалдың күрделілігі мен ерекшеліктерін ескеріп, осы саладағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында атқарған жұмыстарына оң бағасын берді. Сонымен қатар, орталықтың еліміздің дін саласындағы саясатын жүзеге асыратын бірден-бір мемлекеттік мекеме екендігін тілге тиек етіп, қызметкерлердің әлеуеті мен біліктілігін арттыруда басқарма тарапынан тиісті шаралардың жүзеге асырылатындығын атап өтті.
Өз кезегінде басқарма басшысы орталық жұмысын заман талабына сай жандандыру, халықпен өткізілетін іс-шаралардың нәтижелілігіне баса назар аудару қажеттілігіне тоқталды. Атқарылған іс-шаралар сараланып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстарға табыс тіледі.

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУ

Алдыңғы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған Үндеуі

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *