АймақӘлеуметҚоғам

«ДОСТЫҚ ДАСТАРХАНЫ» ТАТУЛЫҚҚА БАСТАЙДЫ

Сайрам ауданы Қарасу ауылында өткізілген «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында өңірдегі «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің «Достық дастарханы» ұлттық тағамдар көрмесіне этномәдени бірлестіктің мүшелері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Б.Айтбаев «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының маңыздылығына тоқталды.
— Қоғамда отбасы құндылықтары мен болашақ ұрпақты рухани адамгершілік пен патриоттық тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлін арттыруда аталған жобаның маңызы ерекше. Сондай-ақ жастарды этносаралық келісімді, толерантты қарым-қатынастарды ілгерілетуге, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға тартуда да үлесі мол, — деді ол.
Бірлік пен берекені дәріптеген басқосуда аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Амангелді Қабылбеков, Аналар кеңесінің төрайымы Үміткүл Мұратбекова халқымызды ынтымаққа, бір-бірімізге қамқор болуға үндеді.
Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрайымы Рамиля Мустафаева «Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен бірлігі мәңгі жасай берсін!» — деп жылы лебізін білдіріп, көпшілікке алғысын жеткізді.

«WorldSkills Shymkent – 2022»: 48 СТУДЕНТ РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Алдыңғы

АРЫСТА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *