ҚоғамСаясат

Жаңа Конституцияның күшіне енуі – еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы

Уақытпен бірге қоғам да жаңарады. Ал қоғамның шынайы жаңғыруы – заңның үстемдігіне, әділдік қағидаттарына және әрбір азаматтың жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Жаңа Конституцияның күшіне енуі – еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділеттілік пен теңдік қағидаттарын қоғам өмірінің барлық саласында орнықтыру.

Кез келген заңның өміршеңдігі оның қабылдануымен емес, нақты орындалуымен өлшенеді. Сондықтан әрқайсымыз заңға құрметпен қарап, азаматтық жауапкершілікті жоғары қойып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосуымыз қажет. Жаңарған Конституциямен бірге қоғамдық сана, құқықтық мәдениет және мемлекеттік басқару жүйесі де жаңа сапалық деңгейге көтеріледі деп сенемін.

Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Жерімізде бейбітшілік пен тұрақтылық, береке мен бірлік мәңгі салтанат құрсын!

Дулат ӘБІШ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ДАМУ КЕЗЕҢІНІҢ НЕГІЗІ. ПАРЛАМЕНТ ЖҰМЫСЫН ПРЕЗИДЕНТ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Алдыңғы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *