АймақӘлеуметҚоғам

САЙРАМДЫҚТАР «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ» ҚҰРУДАҒЫ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ РӨЛІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауыл округіндегі «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК-нің мәжіліс залында аудандағы өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелері мен ауыл округінің зиялы қауымы, бейресми көшбасшылары және колледж ұжымымен Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша жиын өтті.
Кездесуге “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Б.Айтбаев, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А.Қабылбеков, облыстық мәслихат депутаты, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Б.Нишанкулов, Қарабұлақ ауыл округі әкімінің орынбасары Б.Шамуратов қатысты.
Референдумның мән-маңызын талқылаған жиында сөз алған А. Қабылбеков бұл саяси оқиға ел дамуына оң ықпал ететінін атап өтті.
— Мемлекет басшысы барлық азаматқа тең мүмкіндік берілуінің мызғымас кепілі болуға тиіс. Сол себепті Конституцияның 43-бабына 4 тармақ қосылады. Онда «Президенттің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға қақысы жоқ, — деді ол. Ал Б.Нишанкулов: «Конституциядағы 98- баптың 33-бабына өзгерістер жасалады. Конституцияның 6-бабына «Жер және жер қойнаулары халықтың меншігі» деген бап енгізіледі. Бұл әлеуметтік әділеттілік принципінің ең басты аспектісі», – деді. Сондай-ақ жиында өз пікірін білдірген Б.Шамуратов: «Болашағымызға, ұрпаққа қалатын дүние. Біз ертең болашағымызды ойласақ, әрбір адам үйінде отырып, сауатты адамдардың басын қосып, бәріне түсіндіріп, атсалысуымыз керек. Референдум — тарихымыздағы ең маңызды оқиға. Бәріміз референдумға барайық. Ауызбіршілік болсын. Бейбітшілік болса, Қазақстан дамиды», – деп көпшілікті референдумға белсене қатысуға шақырды.
“Қоғамдық келісім” КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы: «Референдум –халық билігінің айқын үлгісі, әрбір қазақстандықтың өз азаматтық ұстанымын білдіру арқылы Жаңа Қазақстанды құруға тікелей үлес қосуының жарқын көрінісі. Халықтың ел басқару ісіне араласуы кеңейтіліп, азаматтардың құқығын қорғау тетіктері күшейтілетін болады. Нәтижесінде билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастардың оңтайлы балансы қалыптастырылып, мемлекет пен қоғамның арасында тиімді диалог орнатылады», — деп сөзін қорытындылады.

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН ДЕЛЕГАТТАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Алдыңғы

ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *