АймақРуханият

ОРДАБАСЫДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Ордабасы ауданы көлемінде этносаралық қарым-қатынас мәселелері төңірегінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл ретте, «Ақпараттық сауаттылық — өзіңді алдауға жол берме!», «Шиеленістердің қоғамға кері әсері», «Жазаның бұлтаратпастығы» және «Ұлттық жобалар барлығына арналған нақты мүмкіндіктер» тақырыптарында кездесу өтті.
Кездесу барысында облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің «Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Хамит Исахов және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ–нің «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің басшысы Қайрат Салықбаев этносаралық қатынастар мәселесі жөнінде баяндама жасап, өңірлік деңгейдегі этносаралық қатынастарға ықпал ететін факторларды атап өтті.
Кездесуге аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы, этномәдени бірлестік төрағалары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, аудан жастары қатысты.

РЕФЕРЕНДУМ БАРЛЫҒЫМЫЗҒА БЕРІЛІП ОТЫРҒАН ТАРИХИ МҮМКІНДІК. БҰЛ ҚОҒАМДЫ ТРАНФОРМАЦИЯЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕТІГІ.

Алдыңғы

САУРАН АУДАНДЫҚ ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ МҮШЕЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *