ЖаңалықтарҚоғам

Облыс орталығына полиция бастығы тағайындалды

ҚР ІІМ Марат Ахметжановтың бұйрығымен Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы болып полиция подполковнигі Бауыржан Дәулетханұлы Жанаев тағайындалды. Жаңа басшыны жеке құрамға департамент бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов таныстырды. Сондай-ақ бұл шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков те қатысты.

Бауыржан Жанаев ішкі істер органдарындағы қызметін 2004 жылы тергеу саласынан бастап, ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса қауіпті қылмыстарға қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы «Оңтүстік» бөлімінің бастығы, Криминалдық полиция басқармаларында абыройлы қызмет атқарды. Сондай-ақ Сайрам, Мақтаарал, Жетісай, Түркістан, Төлеби аудандық, қалалық полиция басқарма, бөлімдерінде басшылық еткен. Соңғы қызметі Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы.

Еңбек жолында ҚР ІІМ, Полиция департаменті тарапынан медальдар, грамоталар, «Алғыс хаттармен» марапатталған.

ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ!

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АНА ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *