Шымкент қаласының әкімі және әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің кезекті отырысы Абай ауданының жастарымен өтті.
Кездесу барысында Абай ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды.
Қала әкімі жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлерін жеткізді.
• Абай ауданына қарасты кейбір шалғай елді мекендерде жастардың демалыс уақыттарын тиімді пайдалануға тегін үйірмелердің санын арттыру.
• Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғарғы оқу орындарының, колледждердің түлектерін мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру;
• «Абай саябағында» Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдері жазылған аудио дыбыстарын орнатып бекітілген уақыттарда қосу.
• Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, талантты жастарымызды ынталандыруға “Металлург” саябағына жастарға Амфитеатр салу сынды ұсыныстар айтылды.
Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, қаламыздың дамуына, көркейюіне жастардың ерекше қолдауы және жауапкершілігі жоғары екендігін айтып, жастардаң барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді.
Comments