ЖаңалықтарМәдениет

Елордада «Нартай» фильмінің тегін көрсетілімі өтті 

«Жазғы кино» жобасы аясында 2 000-ға жуық бала жуырда ғана көрерменге жол тартқан «Нартай» фильмін тегін тамашалады. «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының бұл жобасы Балалар жылына орай өтуде.

«Eurasia Film Production» кинокомпаниясы ұсынған отандық фильмді балалар мен олардың ата-аналары зор ықыласпен қабылдады. Көрсетілім бас кейіпкерлердің рөлін сомдаған актерлер Шарифбек Закиров пен Анна Старченконың қатысуымен өтті. Әртістер кішкентай көрермендерге жылы лебіздерін білдіріп, аудиториямен сұхбат құрды.

Әртістердің айтуынша, «Нартай» киносы достық пен бауырмалдыққа шақырып, әрдайым адамгершілік пен бірлік танытуға үндейді.

Бұдан бөлек, көрсетілімге келген көрермендер композитор Родион Теннің орындауында «Нартай» кинофильміндегі музыкалық шығармаларды жанды дауыста тыңдай алды.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, «Жазғы кино» жобасы аясында маусым айынан бастап 7 000 жуық бала тегін көрсетілімдерге қатысты. жобасы «Қазақфильм» АҚ және «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығымен» КеАҚ бірлесіп өтуде. Жобаның мақсаты – балаларға өнердің үздік туындыларын қолжетімді ету, олардың бойына мәдени құндылықтарды сіңіру және адамгершілік және рухани тұрғыда дамуына оң ықпалын тигізу.

Алдағы уақытта көрермендерге өзге де отандық кинотуындылар ұсынылады. 27 маусым күні сағат 19:00-де «Паралимпиец» фильмінің көрсетілімі өтеді. Басты рөлдерді сомдаған Асқар Ильясов, Жалғас Жанғазин, Асламбек Жанұзақов көрсетілімге арнайы келіп, сұхбат бермек.

«Жазғы кино» жобасы аясында тегін көрсетілімге келу үшін 8708 888 19 91 номеріне хабарласып, алдын ала жазылу керек. Сондай-ақ қосымша ақпаратты ұйымның әлеуметтік желілерінен білуге болады.

Қосымша сұрақтар бойынша:

тел./факс: +7 7172 -70-53-31;

+7 701 632 36 23

ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ САҚТАУ ЖАЙЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Алдыңғы

КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *