ЖаңалықтарМәдениетРуханият

Сырдан шыққан бір сүлей

 

Абай атындағы қалалық орталық кітапханада ақын, журналист, сатирик Нұрқасым Омарбековтің  65-жылдық мерейтойына орай «Сырдан шыққан бір сүлей»  тақырыбында кездесу кеші өтті. Оған  өзі туып өскен Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылынан достары Қабанбай Әзи т.б қаладағы  ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлері, замандас, қанаттас  достары қатысты. Кеш қонақтары ақынның өмірі мен шығармашылығына  тоқталып, Жетісай қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мәдени-ағарту техникумында білім алып, Шымкент каласындағы «Металлург» мәдениет сарайында үйірме жетекшісі, директор орынбасары қызметтерін атқара жүріп қолынан қаламын тастамағанын және республикалық «Шалқар термелері» байқауына қатысып, бас жүлде иемденгені туралы әңгімеледі. Сатирик жазушы, журналист, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Сабырбек Олжабай жүргізген кешке Қазақстан Жазушылар мен Журналистер Одағының мүшесі,  Қазақстанның құрметті  журналисі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Серік Жанәбіл, ХЖО мүшесі, жазушы Атанбек Наурыз, журналист Нағима Сүлеймбекова, композитор Садық Қынат, патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты»  республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан өңірлік басшысы  Әлжанова Сәжида, әнші Ажар Жұмабекова  т.б. қатысып, ақынның журналистикаға қызығушылығы мен арманының арқасында «Шымкент келбеті», «Куәгер», «Бизнес және саясат», «Жаңа Қазақстан» газеттерінде еңбек еткенін айтты. М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент қаласы байланыс колледжінің студенттері ақын өлеңдерін оқыса, кітапхана қызметкерлері әндер орындады.

Раушан СҰЛТАНБЕК,

Шымкент  қаласындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің әдістеме бөлімінің меңгерушісі.

 

 

 

 

 

НЕОСАЛАФИЛІК ИДЕОЛОГИЯНЫҢ ШЫНАЙЫ БЕЙНЕСІ

Алдыңғы

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН — МЫЗҒЫМАС БІРЛІК МЕКЕНІ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *