ЖаңалықтарСаясат

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Қазақстан бойынша жалпы халықтық референдумда дауыс беру өтуде. Сайлау учаскелері сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеуде.

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов отбасымен №154 дауыс беру учаскесіне келді. Халық қалаулысы отбасымен келіп, дауыс берді.

– Қазақстаннның болашағы үшін отбасымызбен дауыс беруге келдік. Отбасымызда бес адам дауыс беру құқығына ие. Осы орайда бүкіл отандастарымызды жаңа Конституция үшін, жаңа Ата заңмен Жаңа Қазақстанға аяқ басу үшін референдумда дауыс беруге шақырады. Менің ойымша, қазіргі таңда еліміз жаңа даму үрдісіне аяқ басты, – деді Бахадыр Нарымбетов.

 

Айта кетейік, Қазақстан халқы Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдумда дауыс беруде.

«Шымкент келбеті» – Нұрлан Бектаев

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Алдыңғы

100 ЖАСТАҒЫ КЕЙУАНА НЕМЕРЕЛЕРІМЕН БІРГЕ НАУҚАНҒА ҚАТЫСТЫ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *