Бүгінгі өтіп жатқан референдумға белсене қатысу — әр қазақстандықтың міндеті. Әсіресе, жастар жағы салғырттық танытпағаны абзал. Олардың бойында отансүйгіштік, елге деген сүйіспеншілік болуы керек. Мұндай қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдердің еңбегі зор. Сол себепті ұстаздар да азаматтық міндетін орындап, өз таңдауын жасап жатыр.
Түлкібастық Бердіхановтар отбасында 4 бірдей ұстаз бар. Жанұя мүшелері осы уақытқа дейін елде өткен бірде-бір саяси науқаннан тыс қалмай, ел болашағы үшін өз үлестерін қосып келеді. Бүгінде отағасы Бердіханов Құрманғазы физика-математика, жары Ғазия физика пәнінің, ұлы Сұлтанғазы математика, ал келіні Арайлым химия пәнінен мұғалім.
Отағасының айтуынша әр қазақстандықтың бұл референдумдағы таңдауы ел болашағы үшін маңызды қадам. Себебі көптің таңдауынан елдің ертеңгі тағдыры шешілмек дейді.
Бақылаушылардың айтуынша түркістандықтар жоғарғы көтеріңкі көңіл-күйде, күннің ыстығына қармастан референдум учаскелеріне барып, дауыс беруде.
Comments