Түркістан облыстық Қоғамдык кеңес мүшесі, Республикалық референдум өткізу жөніндегі Түркістан облыстың қоғамдық штабының мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Хамид Исақов пен Түркістан облысының «Дін істері басқармасы және дін мәселерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теологы Жалғас Мұхтарұлы Сауран ауданы Ескі Иқан ауыл округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, осы жылдың 5 маусымында өтетін республикалық референдумда қаралатын мәселе — Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы, атап айтқанда,конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін және аталған реформалардың негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндіре келіп, жиынға қатысушыларды конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытып, республикалық референдумға бір кісідей қатысуға шакырды.Ескі Иқан ауыл округінің тұрғындары өз тараптарынан еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдайтындықтарын білдірді.
Оқи отырыңыз
-
-
МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ 2024: СЫЗДЫҚОВТАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ
159 рет оқылды
-
ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ШЕБЕРІ БАТЫЛ ШЕШІМ ЖАСАДЫ
156 рет оқылды -
МҰНАЙШЫЛАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРУГЕ КЕЛДІ
98 рет оқылды
Comments