Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.
Аталған кездесуде Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиал басшысы Е.Айтжанов, референдум қоғам арасында қызу талқыланып жатқандығын, Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі екендігін атап өтті. Сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Абдиев, ел алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу – саяси дамудың көрсеткіші екендігін айта келе, өз азаматтық ұстанымдарын білдіру мақсатында референдумға бір кісідей қатысып, азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқан, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін еліміздің Ата Заңы – Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырды.
Comments