ЖаңалықтарҚоғам

ҚХА КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қайрат Айтбай үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келді. Елордалық делегация құрамында Ассамблея және қауымдастық мүшелері, Алматы қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері де бар. Жұмыс тобы Әл-Фараби кітапханасында жергілікті кәсіпкерлермен жүздесті.

Бас қосуды Шымкент қалалық ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары Икрам Хашимжанов жүргізіп отырды.

Қауымдастық президенті Қайрат Орынбайұлының айтуынша, жуырда Мемлекет басшысының кәсіпкерлермен кездесуінде саладағы өзекті мәселелер көтерілген-ді. Енді ел Президенттің тапсырмасы бойынша тиісті жұмыс қолға алынып отыр.

– Алдымен Нұрсұлтан қаласында жиын өтті. Жұмыс бағытын анықтап алып, ел аймақтарын аралауға шықтық. Алматы, Тараз қаласынан кейін Шымкентке келіп отырмыз. Мұндағы мақсат – жергілікті кәсіпкерлермен, Ассамблея мүшелерімен кездесіп, оларды тыңдау, өзекті мәселелерді талқылау, проблемалар болса, бөлісу, тәжірибе алмасу. Барлығымыздың көздегеніміз – кәсіпкерлікті жандандырып, ел экономикасының дамуына үлес қосу. Осылайша екі ай бойы Қазақстанның барлық аймағында кездесулер өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Қайрат Орынбайұлы.

Жиында жергілікті іскер азаматтар сөз алып, өз кәсіптерімен таныстырды, жетістіктері мен проблемалармен бөлісті. Бас қосу еркін тақырыпта өтті.

«Шымкент келбеті» – Нұрлан Бектаев, Фото – Серік Қосаев

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Алдыңғы

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫНДА 9 ЖАҢА ЖОБА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *