Саясат

Елді басқаруда халықтың мүмкіндіктері арттырылады

Конституциялық түзетулер бойынша референдумға дайындық жұмыстарының талдауы көрсеткендей, жалпы халық Негізгі Заңға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы біледі. Бірақ ұсынылып отырған новеллалар пакеті президенттік өкілеттіктерді қысқартумен, Парламент пен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың рөлін кеңейтумен, құқық қорғау тетіктерін күшейтумен шектелмейтінін ұмытпаған жөн.

Осыған байланысты түзетулерден туындайтын басқа да жаңа мүмкіндіктер мәселесі халықтың назарынан тыс қалып отыр. Мысалы, елді басқаруда халықтың мүмкіндіктерін арттыру. Бұл ненің есебінен қамтамасыз етіледі?

Біріншіден, Мәжіліс депутаттарын бір мандатты округтер бойынша сайлау тетігі өзін-өзі ұсынғандарға сайлануға мүмкіндік береді.

Екіншіден, депутаттық мандаттарды кері қайтарып алу тетігін енгізу өз депутатын бақылауға мүмкіндік береді, егер ол жұмысын атқара алмаса, оны кері қайтарып алуға болады.

Үшіншіден, ұсынылатын екі кандидатурадан облыс әкімін тағайындауға келісім беретін мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейе түседі.

Сондықтан 5 маусымда жаңа мүмкіндіктер үшін дауыс беріңіз!

 

Қазақстанда өлім жазасы жойылады

Алдыңғы

РЕФЕРЕНДУМДЫ ӨТКІЗУДІ ҚОЛДАУ ДЕҢГЕЙІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *