Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік басына келген кезден бастап мемлекеттік басқарудың барлық жүйесінің жұмысының тиімділігін күшейту бойынша тынымсыз жұмыс жүргізіп келеді.
Конституцияға ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастардың жаңа, неғұрлым оңтайлы теңгерімі жасалатын болады. Тежемелік пен тепе-теңдіктің жаңа жүйесі мемлекеттік аппараттың орталықтағы және жергілікті жерлердегі жұмысын күшейтуге, халықтың проблемаларын неғұрлым жедел шешуге мүмкіндік береді. Елдің саяси өміріндегі халықтың жетекші рөлін айқындау шеңберінде мемлекет пен қоғам арасындағы диалог жүйесін жетілдіру көзделеді.
Халық үніне құлақ асатын мемлекетте өмір сүргіңіз келсе – 5 маусымдағы референдумда жаңа конституциялық түзетулер үшін дауыс беріңіз.
Comments