ӘдебиетБасты ақпаратҚоғамМәдениетРуханиятСаясат

Елдің саяси жаңғыруы туралы шешімді қабылдауды халықтың өз қарауына қалдыруды жөн көрді Қасым-Жомарт Тоқаев

Елдің саяси жаңғыруы туралы шешімді қабылдауды халықтың өз қарауына қалдыруды жөн көрді Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның биыл ұсынған реформалары референдумда халықтың дауыс беруі арқылы қабылданатын конституциялық өзгерістерде көрініс таппақ.

Жаңартылған Конституция қабылданғаннан кейін Мәжілісті жасақтаудың 70/30 қатынасындағы аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Яғни, Мәжіліс депутаттығына азаматтар партиялық тізім бойынша ғана емес, өзін-өзі ұсынуы арқылы да сайлана алады. Облыстық мәслихаттардың депутаттары да 50/50 қатынасында сайланады, сондай-ақ қалалық және аудандық мәслихаттарды сайлаудың мажоритарлық жүйесіне көшу жүзеге асады. Бұл азаматтардың Мәжіліс пен мәслихаттарды жасақтауға тікелей қатысуын арттырады.

Қазір партияда жоқ азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да  сайлана алмайды. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы төмендеп, олар өз даусының маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбеді. Сонымен қатар сайлау алдында берген уәдесін орындамаған депутатты кері қайтару тетігі енгізіледі.

Билік пен саясатқа тікелей араласып, елдің тыныс-тіршілігін жақсартуға өз үлесін қосуды мақсат ететін әр азамат референдумда өз ұстанымын білдіре алады.

Есеналиев Аскат Ералыұлы                                                                         

з.ғ.к., доцент, Ұлттық заң ғылымдары академиясының академигі

Ел игілігі үшін жасалған маңызды қадам

Алдыңғы

ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР — ЗАМАН ТАЛАБЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *