Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси жүйені жаңғыртып, мемлекеттік басқару ісіне, заң шығару процесіне өзгерістер енгізуді бастап кетті. Оның айқын дәлелі ретінде 5 маусым күні өтетін референдумды айтуға болады.
Рас, бір жүйеден екінші жүйеге ауыса салу оңай емес. Ол үшін ең алдымен адамдардың өміріне кепіл болатын құнды құжат —Конституцияны өзгерту керек. Одан кейін сол құжатты негізге алып, жаңа жүйемен жұмыс істейтін жас кадрлар даярлау қажет. Бұл бүгінгі қоғамның басты талабы. Өйткені ескі жүйе, ескі сүрлеу елді жалықтыра бастағанын, халық та әділетті қоғамда, тең дәрежеде өмір сүргісі келетінін ашық айта бастады. Кешегі қаңтар оқиғасында елдің бұл талабы ашық айтылып та жатты. Енді міне, елдің сол талабына құлақ түретін бүгінгі билік оны ертерек жүзеге асыру жолдарын қарастыра бастады. Бірақ, біз бір нәрсені жақсы түсінуіміз керек, қандай да бір өзгерісті жалғыз Президент немесе үкімет басындағылар жүзеге асыра алмайды. Оны халық болып қолдауымыз керек. Егер біз өзгерісті қаласақ, бұл референдум сол өзгерістерге жасалып жатқан алғашқы қадам. Былайша айтқанда, мүмкіндік! Ендеше, сол мүмкіндікті жіберіп алмай, барынша тиімді пайдалана білейік!
Жүнісбекова Жанат Мансұрханқызы,
құқықтану магистры, “ОҚО талдау және болжау орталығы” қоғамдық бірлестігінің сарапшысы
ВАЖНЫЙ ШАГ СДЕЛАННЫЙ НА БЛАГО СТРАНЫ
Как известно, на XXXI сессии Ассамблеи народа Казахстана, которая прошла под девизом «Единство народа – основа обновленного Казахстана», Президент Касым-Жомарт Токаев предложил провести 5 июня текущего года республиканский референдум для внесения поправок в Конституцию. Последний референдум был проведен в 1995 году.
«Обновленная версия конституции предусматривает независимость президента от всех политических сил и партий. Близким родственникам главы государства запрещено занимать политические должности и руководящие должности в квазигосударственном секторе. Предстоящий референдум определит будущее Казахстана. Каждый гражданин может проголосовать и внести свой вклад в будущее страны в этот исторический момент», — сказал К.Токаев.
Это, безусловно, важный шаг, который напрямую повлияет на судьбу не только страны, но и будущих поколений. Это решение главы государства является самым справедливым процессом обоснавания прав и свобод народа посредством всенародного голосования. Я призываю всех вас принять участие в референдуме и внести свой вклад в создание нового Казахстана.
Айкозов Сейдулла Ибадуллаұлы,
кандидат исторических наук, доцент, член Союза журналистов РК.
РЕФЕРЕНДУМ ТЕҢДЕЙ МҮМКІНДІККЕ БАСТАМА
Береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін, қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл оқиғалар ел дамуын жаңғыртуға жаңаша серпін беру керектігін көрсетті. Бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет халық мемлекетіміздің тұтастығы мен егемендігіне зор қауіп төнгенін түсінді, тәуелсіздіктің қадірін жете сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшіліктің маңызын түйсінді, ел бірілігіне іріткі салушылардан мемлекетті қорғап қалды.
Қазақстан Президенті қоғам мен мемлекеттің елді басқару ісінде қоян-қолтық араласып, үйлесімді жұмыс атқаруын көздейтін реформаларды референдумға шығару туралы шешім қабылдады. Референдумда азаматтар Қазақстан Конституциясына енгізілетін өзгерістерге қатысты өз пікірін білдіреді.
Халықтың көпшілік дауысымен референдумда аталған реформалар қабылданған жағдайда мәселен, азаматтардың саяси бәсекелестігі артады: Мәжіліс депутаттығына партиялық тізім бойынша ғана емес, өзін-өзі ұсынушы ретінде де сайлана алады. Осыған дейін партияда болмаған азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да сайлана алмайтын. Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әр өңір Парламенттің төменгі палатасына кемінде өзінің бір депутатын сайлай алады.
Қазақстанда әр адамға теңдей мүмкіндік беретін саяси жүйенің үстемдік құрғанын қаласаңыз референдумға барыңыз!
Досанов Нурбай Ермаханович
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының аға оқытушысы, ғылым магистрі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысты. Жиында сөйлеген сөзінде Президент халықаралық терроризм мен экстремизмге, есірткі және қару-жарақ айналымына, заңсыз көші-қонға тоқталды. Соның ішінде Ауғанстандағы ахуалдың өршуіне қарсы іс-қимылға ерекше назар аударды.
Биыл қаңтар оқиғалары кезінде Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан көмек сұрауға мәжбүр болды. ҰҚШҰ көмегіне жүгіну ішкі және халықаралық нормаларға сай жүзеге асырылды.
Бітімгершілік күштері елімізде еш оқ атқан жоқ, тек стратегиялық маңызы бар нысандарды күзетті. Жағдай тұрақтанған соң олар Қазақстаннан толық шығарылды. Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымдық контингент жұмысының тиімділігі мен әлеуетін атап өтіп, оның Қазақстандағы бітімгерлік миссиясына оң баға берді.
Осы оқиғалардан кейін Президент геосаяси жағдай мен өзекті сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстанның Қарулы Күштерінің әскери дайындығын түбегейлі жаңғыртуды жүктеді. Оның ішінде Қазақстан армиясының техникалық және жауынгерлік жабдықтарын жаңарту міндетін қойды. Қарулы Күштерді заманауи, жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықтауды тапсырған Президент оларға қызмет көрсететін отандық өндірісті де дамыту қажет деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қасіретті қаңтар оқиғаларының сабағын ескере отырып, қару-жарақ және әскери техника сатып алудың биылғы жылғы жоспарын қайта қарауды, Қазақстанның Қарулы Күштерінің кадрлық әлеуетін арттыруды тапсырды.
Құралбаев Алмас Ахметкәрімұлы,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Менеджмент және туризм кафедрасының PhD, аға оқытушысы, Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі.
Comments