ЖаңалықтарЖастар саясаты

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ҚАРЖЫГЕРЛЕРІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтарының қаржы қызметі бастықтарының оқу-әдістемелік жиыны басталды. Бұл туралы 6506 әскери бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға құқықтық тәртіп әскерінің 45 әскери қызметшісі қатысуда. Іс-шара әскери бөлімдердегі қаржы қызметтерінің жұмысын пысықтап, атқарылған жұмыстарына қорытынды жасау мақсатында ұйымдастырылды.

Айта кетерлік, Ұлттық ұлан әскери бөлімдерін қаржыландыру мәселесі 1992 жылы Ішкі әскердің (қазіргі Ұлттық ұланның) құрылған күнінен бастап 30 жыл көлемінде айтарлықтай оң сипат алды. Мәселен еліміздің қай қаласында болмасын, әр әскери қызметшіге жеке айлық көрсеткішінің, өзіне және отбасы мүшелеріне тағайындалатын пәтер ақысының мемлекет тарапынан төленуі жүйеленіп, уақытылы жүзеге асырылуда. Оған қоса, арнайы құралдар, қару-жарақ, әскери киім үлгісін жаңарту мәселесінде де қаржы қызметкерлері қаражаттың заңды түрде толық қамды бөлінуін аса назарда ұстап тұратыны да жайлы айта кеткен жөн. Жиын қорытындысы мамыр айының 21-не жоспарлаған.

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ МЕКТЕПКЕ КҮННЕН ҚУАТ АЛАТЫН ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Алдыңғы

ДИСПЕТЧЕРЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *