Жаңалықтар

БИЫЛ ШЫМКЕНТ ГАЗБЕН 94,7 ПАЙЫЗҒА ҚАМТЫЛАДЫ

Бүгінде Шымкент қаласы тұрғындарының 93 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Яғни, табиғи газбен шаһардағы 81 елді мекеннің 42-сі толық, ал 31 елді мекен жартылай қамтылған. Қалған қамтылмаған елдімекендерге газ тарту жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта 1 магистралдық және 10 елді мекенде ішкі орамдық газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңында Тұран магистралды газ құбырының құрылысы мен Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Сауле, Көкбұлақ, барлығы 8 елді мекенде құрылыс жұмыстар аяқталады. Нәтижесінде қаладағы 20 мыңға жуық адам табиғи газге қосылып, қамту көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді. Ал, 2025 жылы мегаполис тұрғындарының 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылуы жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АКТЕРЛЕР — ШЫМКЕНТТЕ  

Алдыңғы

АҚҰШТАП БАҚТЫГЕРЕЕВА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *