ЖаңалықтарСпорт

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ТУРИЗМ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімін 2022 жыл – Балалар жылы болып жарияланған болатын. Осыған орай, Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы 16-20 мамыр, яғни апта бойы қаланың түрлі тарихи-мәдени орындарына тегін саяхат жасауды қолға алды.

​«Балалар туризм апталығы» деп аталатын экскурсияға Шымкент қаласының ең танымал туристік орындары біріктірілген. Атап айтқанда: «Кең баба» этно-саябағы, жасөспірімдерге арналған қуыршақ театры, Ордабасы алаңы, «Shym Qala» тарихи-мәдени кешені, Тәуелсіздік саябағы, Даңқ мемориалы, Бейнелеу өнері музейі, Бәйдібек би монументі, облыстық тарихи-өлкетану музейі және Зообақ.

​Балалар жоғарыда аталған орындардың тарихымен кеңінен танысатын болады. Ол үшін орталықтың гид-экскурсоводтары балаларға құнды ақпараттарымен бөлісіп, бұл орындардың маңызына тоқталады. Одан өзге, балаларға арналған танымдық ойындар ойнатылып, тәттілер беріледі.

Жалпы, балалар туризмі — 7-15 жас аралығындағы балаларға арналған саяхаттар мен экскурсиялар, танымдық және рекреациялық балалар туры. Ол баланың жан-жақты өсіп жетілуіне, ақыл-парасат деңгейінің артуына, қоршаған ортаны қорғауға, өз-өзін көрсете алуына және тағы басқа да қабілеттерін арттыруға септігін тигізеді. Бүгінгі күнде «Балалар туризм апталығы» экскурсиясына 150-ден астам бала тіркеуден өткен. Бағдарлама бойынша нысандар әр күнге бөлінген. Балалар өзі қалаған күнді, нысанды таңдай алады. Ол үшін «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының +7 701 102 17 17 нөміріне байланысып, ақпарат алуға және тіркелуге болады.

«Жаңа Қазақстан: жастардың бірлігі мен жауапкершілігі» атты республикалық форум өтті

Алдыңғы

РЕФЕРЕНДУМДЫ ХАЛЫҚҚА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *