ЖаңалықтарСпорт

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: ШЫМКЕНТТІК БОКСШЫ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында шымкенттік спортшы жартылай финалға өтті.

52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жайна Шекербекова ширек финалда италиялық Елена Савчукті төрешілер шешімімен жеңіп, келесі кезеңге шықты.

Жерлесіміз тайландтық қарсыласы Жутамас Житпонгпен жүлделі орын үшін күресетін болады. Айта кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының құрамында 12 боксшы өз шеберліктерін көрсетуде. Бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова жартылай финалға жолдама алған болатын.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

САЛ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАР ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЕМДЕЛЕДІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *