ДенсаулықЖаңалықтар

САЛ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАР ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЕМДЕЛЕДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай, қаламызда балаларға арналған іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді. Осы мақсатта ұйымдастырылған баспасөз туры барысында қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «№1 оңалту орталығы МКҚК» жұмысымен таныстық.                                                                                                                                       Оңалту мекемесінің бас дәрігерінің орынбасары Мейрамгүл Алтаева орталықта 120 қызметкер жұмыс істейтінін, дәрігерлердің көпшілігі тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары мамандар екенін айтып өтті.

–Мұнда тірек-қимыл қозғалысы бұзылған, церебральді сал ауруынан жұту, шайнау қызметтері нашарлаған және тіл мүкістігі бар балалар мен жасөспірімдер емделеді. Науқастарға негізінен медициналық және педагогикалық, коррекциялық емдеу түрлері қолданылады. Балаларға ортопед-травматолог, неврапотолог, дефектолог, психолог, физиотерапевт және реабилитолог сияқты жоғары санатты дәрігерлер қызмет көрсетеді, — деді М.Алтаева.                                                                                                                                    Жыл басынан бүгінгі күнге дейін оңалту орталығында 583 бала ем-дом қабылдаса, емдік шаралар өз нәтижесін берген 14 сәби аяғынан нық тұрып, 12 бүлдіршін өздігінен жүріп кеткен.                                                  Бұдан бөлек орталықта галотерапия, психологиялық оңалту, монтессори, сенсор бөлмесі, эрготерапия, ойынтерапиясы секілді қосымша емдеу шаралары жүргізіледі.

Аталған орталықта тегін ем қабылдау жергілікті емханалардың жолдамасы арқылы жүзеге асырылады.

«Шымкент келбеті» Әнуар ЖҰМАШБАЕВ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Алдыңғы

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: ШЫМКЕНТТІК БОКСШЫ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *