Жаңалықтар

Шымкентте спорт саласын дамытуда қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Көптеген дамыған елдерде халықтың, оның ішінде жасөспірім балалардың спортпен шұғылдануына бұқаралық спортқа баса мән беріледі. Қоғамда салауатты өмір салты кеңінен насихатталып, әр адамның спортпен шұғылдануына барынша жағдай жасалынады. Ал, Шымкент қаласында спорт саласын дамытуда қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Осы орайда, AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021 — 2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасындағы 49-шы тармағының, яғни қалада дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту деңгейін ағымдағы жылы 28,6%-дан 31,5%-ға дейін жеткізу шарасының орындалуына бақылау жасау мақсатында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты және AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы көшпелі іс-шарада болып, бірқатар спорт нысандары мен құрылысы жүріп жатқан спорттық нысандардың  жұмыстарымен танысып қайтты.

Сондай-ақ, даңқты боксшы, әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Біржан Жақыповтың «Али спорт» мектебінде болып, жас жеткіншектердің жаттығуларын көріп, танысты.

«Али спорт» балалар мен жасөспірімдер спорт мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы арқылы жүзеге асты. Спорт кешені — бір қабатты 200 жуық баланы бір мезетте қабылдауға қауқарлы. Бокс, кикбокс, дзюдо, түрлері бойынша оқу-жаттығу сабақтары ұйымдастырылған.

Мұндай жобалардың жасөспірімдер арасындағы жат әрекеттерді болдырмау мақсатында қосатын үлесі зор.

ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ІСШАРАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *