Жаңалықтар

М.ӘЙТЕНОВ ҰОС АРДАГЕРІН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ   

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов пен мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай шаһардағы қарт майдангер Сәрсен Әбдінұровтың үйіне барып, мерекемен құттықтады.

— Сіздер жауға қарсы асқан ерлікпен шайқасып, батылдық пен отансүйгіштіктің тамаша үлгісін көрсеттіңіздер. Бүгінгі ашық аспанымыз бен бейбіт өміріміз үшін Сіздерге қарыздармыз. Сол үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету біздің перзенттік парызымыз, — деді Мұрат Әйтенов.

ҰОС ІІ-дәрежелі орденінің иегері, ардагер Әбдінұров Сәрсен Әбдінұрұлы 1922 жылы дүниеге келген. 1943 жылы ел қорғауға аттанған 21 жастағы Сәрсен Әбдінұрұлы Украинаның бірінші майданында 368-ші және 823-ші атқыштар полкінің құрамында соғысты.Бүгінде ардагер 2 ұл, 3 қызды тәрбиелеп өсіріп, 5 немере 1 шөберені сүйіп отыр.

Айта өтсек, Шымкент қаласында бүгінде Ұлы Отан соғысының 7 ардагері тұрып жатыр. Жылда ардагерлерге үлкен құрмет көрсетіліп, ақшалай да, сондай-ақ, шипажайларға жолдамалар және жылына екі рет басылымдарға тегін жазылады. Биыл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 360 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 1 110 680 теңгеден мерекелік төлем есепшоттарына аударылып, сондай-ақ, қалада 2165 соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға да 36 АЕК мөлшерінде– 110 260 теңгеден бір реттік төлемдер төленді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ГҮЛ ШОҒЫН ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ 

Алдыңғы

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *