Жаңалықтар

ЕЛІН ҚОРҒАУ – ЕЛГЕ СЕРТ

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Мереке қарсаңында қоғамдық қауіпсіздік пен еліміздің тыныштығын сақтауға үлес қосып келе жатқан №6698 әскери бөлімінде «Елін қорғау – елге серт» мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге Абай аудан әкімдігінен жауапты қызметкерлер, депутаттар мен қала тұрғындары қатысты.

ҚР Ұлттық Ұланның №6698 әскери бөлімнің командирі, подполковник Ғазиз Оңласынұлы қонақтарды мерекемен құттықтап, ыстық лебізін жеткізді.

– Биыл ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына – 30 жыл. Сондай-ақ Ұлы Жеңіске 77 жыл толып отыр. Отан қорғаушылар күні – бұл еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін ұлық мереке. Әскеріміздің айбынын асқақтатқан, қолға қару алып, мойнына үлкен жауапкершілік арқалаған жауынгерлерге қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Аға ұрпақпен, жас буынның Отанымызды қорғап, қызметке айтулы үлес қосқанын біз әрқашан да мақтан тұтамыз, — деді Ғазиз Оңласынұлы.

Мерекелік кешке әскери саланың ардагерлері келді.

– Бұл мереке – баршамызға ортақ. Бүгін әскери бөлімнің қызметкерлері ардагерлерге деген өздерінің құрметін көрсетіп жатыр. Еліміздің тыныштығы сақтап, қорғаны болып жүрген ерлеріміздің еңбегіне табыс тілеймін,-деді №6506 және №6698 Ұлттық Ұланның әскери бөлімдерінің ардагерлер кеңісінің төрағасығ запастағы полковник Мәжит Нұртазаұлы.

Ұлттық Ұлан жауынгерлері алғыс хатпен марапатталды. Кеш көңілді концерттік бағдарламаға ұласты.

Айдана МҰХТАРОВА

ШЫМКЕНТТЕ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ ТОҒАНБАЙ ҚАУЫМБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ӘКЕЛЕР САЙЫСЫ ӨТУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *