ЖаңалықтарТарих

ҮШ СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екінші дүниежүзілік соғыстың үш ардагеріне қайтыс болғаннан кейін ең жоғары дәрежелі – «Халық қаһарманы» атағын беру туралы қаулы қабылдады.

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін ерекше белгі — «Алтын Жұлдыз» және «Отан» ордендерімен марапаттау, ең жоғары дәрежелі – «Халық қаһарманы» атағы берілсін»:

* 8-гвардиялық Қызыл Ту атқыштар дивизиясының 302-гвардиялық атқыштар полкі 2-атқыштар ротасының мергені Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлына (қайтыс болғаннан кейін)

* Горловская атындағы 126-атқыштар дивизиясының 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі Несмиянов Александр Александрович (қайтыс болғаннан кейін)

* 100-ші жеке атқыштар бригадасы атқыштар батальонының 2-ші дивизиясының снайпер-бақылаушысы Сүлейменов Ыбырайымға (қайтыс болғаннан кейін)», — делінген қаулыда.

Кезінде бұл жауынгерлер Кеңес Одағының Батыры атағына бірнеше рет ұсынылса да, түрлі себептермен марапат берілмеді. Қайтыс болғаннан кейін оларға ең жоғары дәрежелі марапаттың берілуі әділеттіліктің орнауы және Қазақстанның батырларды еске алуға деген ерекше көзқарасының дәлелі болып табылады.

БИЫЛ «САЙРАМ» ШАҒЫН АУДАНЫНДА 5 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ  

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ ТОҒАНБАЙ ҚАУЫМБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *