ЖаңалықтарҚоғам

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкентте ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Жиынға еліміздің Қарулы Күштерінің іргетасын қаласқан қорғаныс саласының ардагерлері, Ауған соғысы, Чернобыль апатына қатысқан ардагерлер, әскери қызметкерлер қатысты.

Қорғаныс саласының қызметкерлері Мемлекеттік Туды сахнаға салтанатты жағдайда әкеліп, мерекелік шара Әнұранмен ашылды.

— Еліміздің айбыны, мақтанышы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Ел Тәуелсіздігін, мемлекеттің маңызды мүдделерін қорғап, аймақтың тұтастығын сақтауда аянбай еңбек етіп келеді. 30 жыл ішінде Қарулы Күштердің атқарған ісі мен жеткен жетістігі орасан. Еліміздің қорғаныс саласының деңгейі жоғары екенін нық сеніммен айта аламыз. Түркістан облысы, Шымкент қаласы болып әкімшілік бөліністен кейін де біздің қорғаныс істер департаменті өзіне жүктелген міндетті тиянақты орындап келеді. Бүгін мерекеге орай, сала ардагерлері мен бүгінгі құрамдағы қызметкерлерімізді құттықтаймыз, — деді Шымкент қалалық қорғаныс істері департаментінің бастығы Алмас Тілеуханов.

Шымкент қалалық қорғаныс істері департаментінің бастығы А.Тілеуханов сала ардагерлеріне құрмет көрсетіп, аға буынның ізін жалғаған жас буынды мінсіз қызметі үшін марапаттады. Сонымен қатар, қала әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

— Бүгінгі салтанатты жиынға қатысып отырған ардагерлердің басым бөлігі Кеңес Одағы ыдырап, еліміздің Қарулы Күштері құрылған қиын-қыстау кезеңінде қызмет атқарған азаматтар. Яғни, олардың еліміздің қорғаныс саласының қалыптасуына сіңірген еңбектері орасан. Мен тәуелсіздік жылдарында Оңтүстік Қазақстан облысында Қорғаныс істер департаментін ұзақ жылдар басқардым. Біздің сол кездегі ізбасарларымыз бүгінде саланың түрлі бөлімдерін басқарып отыр, — дейді отставкадағы полковник,ардагер А.Мұсаев.

Жиын ҚР Қарулы Күштері қызметкерлері мен ардагерлеріне арналған салтанатты концертке ұласып, патриоттық әндер орындалды.

«Шымкент келбеті» — Замира АЛДАБЕРГЕНОВА, Суреттерді түсірген Серік ҚОСАЕВ

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТШЫЛАР ПОЛИЦИЯ ЖҰМЫСЫНА КӨМЕКТЕСТІ

Алдыңғы

ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *