Жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТЫ АЛУДЫҢ 1-ЛЕГІНДЕ 200-ДЕН АСТАМ АЗАМАТ ОҢ НӘТИЖЕ АЛДЫ

Ағымдағы жылдың 26-28 сәуір күндері 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберіндегі 400 АЕК мөлшеріндегі қайтарымсыз гранттар алудың бірінші легінің комиссия отырысы өтті.

Қалалық мәслихатының депутаты Т.Султанова төрағалық еткен комиссия құрамында «Шымкент қаласы кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Әлтеев, Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Іскер әйелдер» кеңесінің төрайымы А.Архабаева, қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының туризмді дамыту бөлімінің басшысы А.Қалкабаев, Қаратау ауданы әкімінің аппараты халықты әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Н.Дүйсенов, Еңбекші ауданы әкімінің аппараты халықты әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ғ.Мырзашев, Абай ауданы әкімінің аппараты кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Қ.Керинбеков, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты халықты әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Б.Жанаев, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі, кеңес жанынан құрылған «Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс және коммуналдық салаларының дамуы жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрағасы М.Снабаев, қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту» бөлімінің жетекші маманы М.Салимов, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің басшысы Ж.Тоғай, «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» қоғамдық-саяси газеттерінің бас редакторы Б.Тайжан және «Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары» З.Орынбеков бар.

Комиссия қаралымына қатысқан 336 азаматтың 226-ның бизнес-жоспарлары мақұлданып,110-ны кері қайтарылды. Оң нәтиже алған 36-сы жастар санатынан болса, ал 157-сі халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар. Ендікі кезекте,оң нәтиже алған азаматтарға «Business.enbek.kz» порталындағы жеке кабинеттеріне хабарлама жолданып, грант қаржысын алуды рәсімдейді.

Жалпы,ағымдағы жылдың 1-14 сәуір аралығында қайтарымсыз гранттар алудың бірінші легінде 437 өтінім қабылданып, оның комиссияға ұсынылғаны-336, ал тиісті санаттарға жатпайтындар саны-101.

Айта кетсек, қайтарымсыз гранттың келесі легінің өткізу мерзімі алдын-ала қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының ресми әлеуметтік желі парақшаларында жарияланатын болады. Ескерту: комиссияның теріс шешімін алған азаматтар бизнес-жоспарды жаңартып, грант беру шарасының келесі лектеріне қайта өтініш бере алады.

ТҮРКІСТАН: ЖАҢБЫР СУЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ 100 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ КӨМЕК БЕРІЛЕДІ

Алдыңғы

АҚ КӨГЕРШІНДЕР ҰШЫРЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *