Жаңалықтар

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

Шымкент қаласы әкімінің апта сайынғы аудан белсенділерімен кездесулері жалғасуда. Бүгін Мұрат Әйтенов аумағында 34 елді мекені бар Абай ауданы белсенді тұрғындарымен кездесті.

«Ашық диалог» форматында өткен басқосуға, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма басшылары және аудан мәселелерімен жақыннан таныс болу мақсатында қала прокуроры Ғабит Мұқанов пен Полиция департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков те қатысты. Жиында аудандағы өзекті мәселелердің шешім жолдары талқыланды.

Жыл басынан бері хаттамалық сипат алған 110 мәселенің орындалу барысын аудан әкімі Б.Парманов баяндады. Тұрғындар көтерген 41 мәселе өз шешімін тапқан, 58 жұмыс барысында, 11 тапсырма ұзақ мерзімді, 2025 жылға дейін жүзеге асырылады. Тұрғындардың ұсынысы бойынша «Алтынтөбе» тұрғын алабындағы Жамалов пен Нұрлыбайұлы көшелеріне асфальт төселді. Елді мекендегі Өтебай көшесін асфальттау бойынша мердігер мекеме анықталуда. 2023 жылы Оразбай көшесі, 2024 жылы Сатқанбаев, Ырсымбетов және Жастар көшесі асфальттанады.

«Қызылжар» шағынауданынан жаңа әуежай терминалға дейін 9,1 км кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «BI Global» ЖШС тарапынан жүргізілді. Бүгінгі таңда, мемлекеттік акт, қабылдау құжаттары әзірленуде.

«Ақжар» тұрғын алабын сапалы интернетпен қамту мақсатында мобильді операторлармен базалық станциясы орнату келісілді. Қазір бекітілген жер телімін анықтап заңдастыру жұмыстары жүргізілуде.

«Бұл жиындар өз нәтижесін беруде. Шешімін тапқан мәселе көп десек, шешім күткені одан да көп. Ең бастысы, мәселеге ат үсті қарамай, түбегейлі зерделеп, жан-жақты бағалап барып, сапалы түрде әрекет жасауымыз керек. Сонда ғана ол мәселе болашақта қайталанбайтын болады»-деген шахар басшысы жиын соңында қатысушыларға сәттілік тілеп, алғысын білдірді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ    

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚАНТТЫҢ ОРНЫН БАСАТЫН ДӘРІЛІК ӨСІМДІК ӨСІРУДЕ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *