Бүгінде Абай ауданындағы Самал-1 шағынауданында ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен қамту жұмыстары толық аяқталған.
2022 жылы 1 көшеге (Еркіндік) асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. 2023 жылы 2 көшеге (Бектаев өткелі, Бектаев тұйығы), 2024 жылы 2 көшеге (Шілменбет тұйығы, атауы жоқ көше) асфаль төселеді.
Сонымен қатар, биыл 2 көше (Мырзаев, Атасу), келесі жылы 3 көше (Жандосов, Шілменбет, Хайрулин) жарықтандырылады.
Шағынауданда спорт алаңшасын орнату үшін жер телімі қарастырылса, келесі жылы шағынаудан 100 % сапалы интернетпен қамтамасыз етілмек.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар
Comments