Жаңалықтар

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР БІРЛІК ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының бастамасымен қаламыздағы ерекше жандар 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті. «Береке басы — бірлікте» іс-шарасы аясында кітапхананың әр залында түрлі бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп, мереке кеңінен тойланды.

Жиын барысында кітапхана оқырмандары тақырыптық көрмені аралап, спорттық жарыстарға атсалысты, концерттік бағдарламаны тамашалады. Атап айтар болсақ, А.Қасымов атындағы залда дойбы, шахмат, тоғызқұмалақтан спорттық сайыстар өтіп, соңынан ұлттық спорт түрлері – асық ату, қол күресі, арқан тарту мен гір көтеру жайында тифлокомментарийлі деректі фильмдер көрсетілді. Ал, аудио залында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға Шымкенттегі бірқатар этномәдени бірлестік өкілдері атсалысты. Қалалық корей, өзбек этномәдени бірлестіктерінің өкілдері ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына тереңірек тоқталды. Шымкент қалалық славян этномәдени бірлестігінің «Светоч» хор ұжымы өнерлерін паш етті.

Концерттік шарадан соң, кеш қонақтары кітапхананың оқу залына қойылған «Ынтымағы жарасқан көпұлтты Қазақстан», «Қазақсатан – достық мекені» тақырыптарындағы кітап көрмесін тамашалады.

Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары А.Бөрібекова келген қонақтар мен атсалысқан өнерпаздарға алғыс білдірді.

Айта кетейік, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының әлеуметтік желідегі парақшасында мерекеге орай әлемнің түрлі тілдерінде мәнерлеп өлең оқу челленджі бастау алып отыр. Сондай-ақ, оқушылар арасында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты шығарма байқауын өткізбек.

Мархабат БАЙҒҰТ, жазушы:  БЕЛЬГЕР КӨКЕМДІ ОЙЛАСАМ…

Алдыңғы

БАЗАРЛАРДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯДАН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *