Жаңалықтар

КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРГЕ СҰРАНЫС АРТЫП КЕЛЕДІ 

Шымкентте «NURTAU Distribution Company» ЖШС кондитерлік өнімдер өндіру арқылы импорталмастырушы өнім көлемдерінің ұлғаюына үлкен үлес қосқан компания.

2016 жылы құрылып, нарықта дистрибьюторлық қызметпен бастаған компания импорттық жуу құралдары мен жеке гигиена заттарын сатумен айналысты. Сондай-ақ, компания Шымкенттегі жалғыз сағыз жеткізушісі болып табылады.

Нарықта 2 жыл жұмыс жасап, қажетті байланыс арналары орнатылып, өнімді сату бойынша тәжірибесі қалыптасқан компания тек сатумен айналысып қоймай, өнім өндіре алатын жағдайға жетті.

2019 жылы «NURTAU Distribution Company» ЖШС «Сұлы үлпегі бар шоколад кәмпиттерін, печенье және сағыз өндіретін кондитерлік фабрикасы құру» жобасын жүзеге асырды. Жобаны екінші деңгейлі банк — «АТФБанк» АҚ 15%-бен қаржыландырса, мемлекеттік қолдау арқылы 9%-ын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялады. Компанияның кондитерлік фабрикасын құру жобасы Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде барлық инфрақұрылымы тартылған «Тассай» индустриялық аймағының аумағында 2020 жылы іске қосылды.

Кәсіпорында кондитерлік өнімдерді өндіру бойынша 8 желі, сағыз өндіру бойынша 2 желі бар. Кәсіпорынның өндірістік қуаты сағатына 300-400 кг шоколад печеньесін, 400-ден 500 кг-ға дейін сағыз өндіре алады.

Бүгінгі таңда заманауи жабдықтар орнатылған фабрикада «MEXXI» және «DIAMOND» сауда маркасымен кондитерлік өнімдер және сағыздың 4 түрі шығарылады. Компания жаңа өнім түрлерін шығарумен, өнім ассортиментін кеңейту бойынша тұрақты жұмыс атқаруда. Қазақстан аумағында осы кондитерлік өнімдерге деген сұраныс күн сайын артып келеді. Бұл қазіргі күрделі геосаяси жағдайда отандық импорталмастырушы өнім көлемдерінің ұлғаюының маңызды екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, «Nurtau Distribution Company ЖШС Қазақстан бойынша 40 мыңнан астам сауда нүктелері бар. Компания Өзбекстан, Ресей зауыттарымен бірлесіп жұмыс істейді және олардың ҚР аумағындағы ресми өкілі болып табылады.

«Шымкент келбеті»,

«МОБИЛЬДІ АРБАТ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ШАҚЫРАДЫ 

Алдыңғы

МҰҚТАЖ ЖАНДАР ТАЛАБЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *