Қаратау ауданында 24 елдімекен бар. Қала аумағына жаңадан қосылған елдімекендердегі басты мәселе — инфрақұрылым жүйесі. Бүгінде ауданда бұл бағытты ауқымда істер қолға алынып, қордаланған мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.
Атап айтқанда, Қаратау ауданына қарасты Асар-2 шағын ауданының Күншоғыр көшесінде асфальт қабаты төселуде. Бұл жұмыстар қала әкімінің тапсырмасына орай қаламыздың көлік инфрақұрылымының даму жоспарына сәйкес орташа жөндеу жұмыстары аясында жүргізіліп жатыр.
Аталмыш көшеге бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкес 1,15 шақырымға «Отау Строй» ЖШС-нің мердігерлігімен асфальт төсеу жұмыстары атқарылуда. Нысанның техникалық қадағалаушысы «Golden Hill Standart» ЖШС.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Comments