Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ 

Шымкентте көктемгі кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары 2022 жылдың 03 және 17 мамыр аралығында жүргізілетін болады. Ағымдағы жылдың көктем және күз мезгілдерінде 33 504 шаршы метр қоқыс тастайтын жәшіктердің аумағын, 2 272 680 шаршы метр өзендер мен каналдар аумағын залалсыздандыру жұмыстары жоспарлануда.

Аталған жұмыстар көп қабатты тұрғын үйлердің қоқыс-жәшіктеріне, өзен-каналдар аумағына жергілікті бюджет есебінен тегін жүргізілетін болады. Ал жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысан иелері өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті. 2022 жылы кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 9 916,6 мың теңге қаржы қаралған. Көпқабатты және жеке үйлердің тұрғындарының назарына кеміргіштерге қарсы қойылған арнайы қармақжемдерді бүлдіршіндердің ұстамауы мен үй жануарлары жеп қоюдан абай болу керектігін ескертеміз.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛУДА

Алдыңғы

«ТАССАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 4 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *