ДенсаулықЖаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!  

Шымкент қаласы бойынша, ауыл шаруашылығы жануарларын көктемгі энзоотиялық ауруларға қарсы (кенеге қарсы) залалсыздандыру жұмыстары ағымдағы жылдың көктем айларында, 15 сәуірден бастап  жүргізілуде. Осыған орай, қала аумағында орналасқан қоралардағы ірі малдарды арнайы сұйық дәрілермен бүрку және ұсақ малдарды тоғыту шаралары басталады.

Айта кетерлігі залалсыздандыру жұмыстары тек малы бар және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған қоралары бар үйлерге бюджет есебінен тегін жүргізіледі. Аталған ветеринариялық шараларды жүргізу барысында мал және қора-жай иелері жұмыстың сапалы болуы үшін:

— алдын-ала өзіне меншікті аумақты механикалық тазалаудан өткізуге;

— ірі  малдарын дезинсекторларға бүрку үшін жеткізуге;

-ұсақ малдарын арнайы тоғытуға арналған әуіттерге жеткізуге міндетті.

Құрметті қала тұрғындары мен шаруа қожалық иелері өзіңізбен қатар айналаңыздың қауіпсіздігі үшін залалсыздандыру жұмыстарына жауаптылықпен қарауларыңызды сұранамыз!

Шымкент қаласы бойынша көктемгі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарымен  «Ветеринариялық қызмет» МКК айналысады.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтулы Баба, №9/14 үй

Телефон нөмірі:  45-05-05, 45-05-22.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

ШЫМКЕНТ: САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Алдыңғы

ОРМАН ЖӘНЕ ДАЛА ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *