ЖаңалықтарҚоғамСпорт

«AMANAT»: ӨҢІРЛІК ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРАДЫ

Кезектен тыс ХХІІ съезде «AMANAT» партиясының Төрағасы Қ.К.Тоқаев партия жанындағы қоғамдық кеңестердің тиімділігін арттыру міндетін жүктеген еді. Партияны модернизациялау бағдарламасы аясында олардың саны аймақтық кеңестерде 14-тен 9-ға дейін, ал аумақтық кеңестерде 9-дан 5-ге дейін қысқартылды.

Облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев өңірлік жаңа Қоғамдық кеңес төрағаларымен мәжіліс өткізді. Олар Сайлауалды уәделердің орындалу барысын қадағалап, сапалы және жүйелі зерделеу жүргізумен айналысады. Облыстық Саяси кеңесі бюросында кеңестердің жаңа құрамы мен төрағалары ұсынылып, бекітілген болатын. Тарқатып айтқанда, Партиялық бақылау комиссиясына — Нұралы Абишов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесіне — Уәлихан Рахиев, Өңірлік даму және экология мәселері жөніндегі қоғамдық кеңесіне — Бақытжан Серманизов, Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесіне — Ерлан Нұрмаханов, Мәдениет пен өнерді дамыту жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесіне — Қалыйма Жантөреева, Білім және денсаулық сақтау мәселері жөніндегі қоғамдық кеңесіне — Ғалымжан Елшібай, Отбасы және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесіне — Инара Намазбаева, Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесіне — Динара Егамбердиева төрағалық етеді.

Жиын соңында Б.Тәжібаев Қоғамдық кеңес төрағаларының алдында үлкен міндет күтіп тұрғанын айтты.

— Партия жанынан құрылған қоғамдық кеңестер облыс бойынша жасалған жол картасының орындалмай қалу қауіпі бар мәселелерге алдын ала зерделеу жұмыстарын жүргізіп жолдарын қарастыру қажет. Алдағы уақытта осы мәселелерді өз бақылауларыңызға алып тиісті жұмыстарды бекітілген кеңес мүшелерімен осы салаларға жауапты басқарма басшыларының есептерін ай сайын тыңдауды ұйымдастырып өткізулеріңіз қажет , — деп жұмыс барысында назарға алынатын мәселелерге зер салу керектігін атап өтті.

Жалпы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының 2025 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша Түркістан облысы көлемінде бүгінгі таңға 802 мүшеден құралған 94 қоғамдық кеңес бар. Оның ішінде 9-ы облыстық партия филиалы жанынан құрылса, қалған 85-і аумақтық филиалдарда жұмысын жалғастырады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

 

Ұлттық музейге белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлының 200-ге жуық заттары қойылады

Алдыңғы

«AMANAT» : ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ПАРТИЯ МӘЖІЛІСІНДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *