ЖаңалықтарЭкономика

ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕ 36 ИНВЕСТ ЖОБАМЕН КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

«Shymkent» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Расул Илимбаев 2022 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Басқарма төрағасы қала әкіміне инвестиция тарту, әлеуметтік және тұрғын үй құрылысы, қаланы абаттандыру бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация биыл жалпы инвестиция көлемі 1 трлн теңге болатын 100 әлеуетті жобаны тартуды жоспарлаған. Есепті кезеңде жоба құны 149,7 млрд теңге 36 инвестициялық жоба бойынша келісімшарт жасалды. Оның ішінде, білім саласында – 5 жоба (52 млрд теңге), денсаулық сақтау саласында – 1 (0,7 млрд теңге), көпқабатты тұрғын үй құрылысы бойынша – 13 жоба (73,9 млрд теңге) және өнеркәсіп саласында 17 жоба (69,8 млрд теңге). Жалпы осы келісімдердің нәтижесінде 5 мектеп, 1 емхана, 292 437 шаршы метр тұрғын үй салынып, 7672 жұмыс орны ашылады.

Айта кетсек, жыл басынан бері корпорация тарапынан 29 709 шаршы метр үй пайдалануға берілді. Жалпы жыл соңына дейін 150 870 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Қала әкімі бұл жобаларды жүзеге асыруда барлық қолдау көрсетілуі тиіс екенін айтты. Сондай-ақ, салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасына баса назар аударуды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА ӨСІМ БАР

Алдыңғы

ОРЫНТАЙ КӨМЕКОВ. ҚАЙРАН, ЗЕЙНЕШ ЖЕҢГЕМ-АЙ… (Боямасыз өмір)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *