ЖаңалықтарСпорт

Жансая Əбдімəлік — Алматы шахмат федерациясының президенті   

Əлемдегі мықты шахматшылардың қатарына енген Жансая өзінің туып -өскен Алматы қаласында шахмат федерациясының президенті болып тағайындалды. 

Гроссмейстердің негізгі мақсаты Алматы қаласын əлемдік деңгейдегі шахмат орталықтарының біріне айналдыру және өзге елдердің шахмат федерацияларына үлгі етуге жеткізу.

«Федерацияның 2024 жылға дейінгі жоспарында – төрт негізгі бағытты дамыту: қала тұрғындары арасында бұқаралық спорт, мектептегі білім берудегі шахмат, жоғары жетістіктер спорты, сондай-ақ ардагерлерді қолдау», – дейді Жансая Әбдімәлік.

Алдағы үш жыл бойы төмендегі ұйымдастыру мәселелерімен айналыспақ: спорттық іс-шараларды үнемі өткізу, Алматы мен өзге қалалардағы құрама командалармен турнир ұйымдастыру, сонымен қатар саябақтарда, аулаларда, ауруханалар мен көпшілік орындарда шахмат ойнайтын орындар дайындау. Ұлыбритания, АҚШ, Түркия, Армения сияқты елдерде мектептерде шахматты үйрету мектеп бағдарламасына әлдеқашан  енгізілген көрінеді. Енді осылайша Жансая елімізде ақыл-ой спорты —  шахматтың өркен жаюына үлес қоспақ.

ШЫМКЕНТ: 7000 жасөспірімге «Рамазан тәттісі»  таратылды 

Алдыңғы

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ ҚҰРАМАСЫ ЖАЛПЫКОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ КӨШ БАСТАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *