Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Әбсаттар Сманов мешітінде  170 отбасыға көмек берілді   

Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Әбсаттар Сманов» мешітінде «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара барысында Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Әбсаттар Сманов» мешітінің имамы Берік Шотабеков сөз сөйлеп, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының атынан құттықтау айтты. Және игі шараға қаржылай қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғыс білдірді.

Жалпы, қайырымдылық шара басында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 170 отбасыға азық-түлік салынғаны «Рамазан қоржыны» таратылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ӘЛЕМНІҢ 18 ЕЛІНЕ ТАНЫСТЫРЫЛУДА

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ: 7000 жасөспірімге «Рамазан тәттісі»  таратылды 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *