Жаңалықтар

КВОТАМЕН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН   

Шымкент қаласында “Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы” Шымкент қаласы әкімдінің 2021 жылғы 29 қарашадағы 1508 қаулысына сәйкес жұмысқа орналасып жатқан мүмкіндігі шектеулі жандар аз емес. Солардың біреуі — Әмірхан Әсілханов. ІІ — топтағы мүгедек. Ол осы жылдың сәуір айында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Тең қоғам” орталығының сүйемелдеуімен А.Навой атындағы 11-ші ЖОМ-не физика кабинетінің зертханашысы ретінде жұмысқа орналасты.

Әмірхан Әсілханов 1962 жылы дүниеге келген. 2 қыз, 4 ұлдың әкесі. Мамандығы — бухгалтер-есепші және инженер-механик. “Физика пәнінің мұғалімі” бойынша біліктілігі бар. ТО аудандарының біріндегі мектепте бухгалтер, информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ «ІСКЕР ҚАЛА» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *