Қоғам

Халықтың алғысын арқалаған полицей

Еліміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығын күзетіп, антына адал қызмет ету құқық қорғау органдарының ең басты міндеті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жұртқа жақын полиция» қағидатында: «Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет» деген тапсырма берді. Сәйкесінше, қазіргі таңда Ішкі істер министрлігі тарапынан полиция жұмысының ашықтығына ерекше мән беріліп отыр.

Осы тұста, адам өміріне араша түсіп, кез-келген жағдайда алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп халықпен етене жақын араласып жүрген полиция қызметкерлерінің бірі Шымкент қаласы ПД ғимарат күзету взводының командирі Ганибаев Александр Юнусович. Ол, ішкі істер органдарында 20 жылдан астам еңбек етіп келеді.

« Біздің жасайтын жұмысымыз сырт көзге қарапайым көрінгенімен, қызмет барысында әртүрлі шытырман жағдайлардың куәсі боламыз. Мұң-мұқтажын жеткізуге келген азаматтар, түрлі жол-көлік оқиғалары , жоғалған адамдар, соққыға жығылғандар мен көлігі бұзылған жолаушылар тіпті тастанды сәбилерді де кездестіріп жатамыз. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын көше бойынан тастанды нәрестені тауып алдым. Оны көргенде еш ойланбастан көмек көрсетуге асықтым. Әуелі сәбиді полиция пунктіне жеткізіп, әріптестерімізбен оның анасын анықтау жұмыстарын бастадық. Сондай-ақ, балаға алғашқы көмек көрсетіп, жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырдық. Мен адамдарға атақ немесе марапат үшін көмектеспеймін. Полицей үшін ең жақсы марапат- халықтың алғысы! «Алла разы болсын!» деген бір ауыз сөзі,» — дейді ол.

Сондықтан, азаматтарымыз басына іс түскенде, формалы қызметкерлерден қорқып емес, қорған іздеп жүгінуі қажет. Себебі, халықтың құқығы мен бостандығын, қауіпсіздігі мен ар-намысын қорғайтын әрбір полиция, кез-келген жағдайда көмек қолын созуға дайын тұратынын ескеріңіз. Бұл біздің адам ретіндегі бір-бірімізге деген құрметімізді көрсетеді.

«7-20-25» БАҒЫТЫ БОЙЫНША НЕСИЕЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУҒА 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ӨТІНІМ ТҮСКЕН

Алдыңғы

Сабырбек  ОЛЖАБАЙ КЕРМЕК ДӘМ         (Әңгіме)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *