Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Қанат Қыдырмин қайырымдылық шараға қатысты

Бүгін ҚМДБ -ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат қажы Қыдырмин арнайы іссапармен Шымкент қаласына келді.

Сапар аясында бірқатар рухани һәм қайырымдылық іс-шараларға қатысады. Шымкент орталық мешітінде тұрақты түрде өткізіліп келажатқан «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Игі шара барысында ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат қажы Қыдырмин берекелі айдың қадір-қасиеттерін сөз етіп, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сәлемін жеткізді.

Бүгінгі күні арнайы бекітілген 5 орында 650 үйге (күріш, қант, өсімдік май, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б) азақ-түлік салынған қорап үлестірілді.

Игі шара аясында ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының басшылығына және тұрақты акцияға қаржылай қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы арнайы алғыс айтып, ризалық білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

 

 

ШЫМКЕНТ: «РАМАЗАН call-орталық» 3310 сұраққа жауап берді  

Алдыңғы

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *